2020 жылдан бастап жер мен мүлік салығы біріктіріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов айтты.
«Алдағы уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын төлеуді жеңілдету көзделіп отыр. Осы мақсатта «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы арқылы салық элементтерін өзгертпестен осы салықтарды (жер мен мүлік) біріктіру ұсынылуда», - деді ол.
Ескерте кетейік, бұл жағдайда жер мен мүлікке салынатын салық жеке-жеке есептеледі, алайда салық төлеуші бір соманы төлейтін болады.
inform.kz