Қазақстанда жасалған тауарлар Бельгиядағы көрмеге қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жасалған тауарлар Бельгиядағы көрмеге қойылды

18.11.2019

Бүгінде әлемде 2,5 млрд адам ауызсуға зәру. Жержиһанның тағы 2 млрд-қа жуық тұрғыны азық-түлік тапшылығынан ашаршылық алдында. Әлжуаз мемлекеттерге жылу жинау үшін жылда Брюссельде өтетін халықаралық көрмеге биыл тұңғыш рет қазақстандық компаниялар да қатысты.

Еліміздің Сауда және интеграция министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасының қолдауымен кәсіпкерлер көрмеде үздік тағамдары мен тауарларын көрсетті. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу