Грузия астанасы Тбилисиде ауқымды шеру өтіп, оған 20 мыңдай адам қатысты. Демонстрациялар мен митингтерді «Ортақ ұлттық қозғалыс», «Еуропалық Грузия», «Лело» тәрізді саяси күштердің жақтастары ұйымдастырды.
Парламенттің вице-спикері Серги Капанадзенің айтуынша, манифестанттардың талабы қарапайым ғана - мерзімінен бұрын сайлау өткізу және үкіметті отставкаға жіберу.
Бейсенбі күні депутаттар 2020 жылдың күзіне белгіленген сайлауды пропорционалдық жүйемен өткізу туралы заңды Конституцияға енгізе алмады.
Оппозицияға сенсек, халық ескі тәртіппен дауыс беретін болса, Бидзина Иванишвили тәрізді ресейшіл олигархтар жеңіске жетіп, билікке келуі мүмкін. Алайда экс-премьер Иванишвили сайлау реформасын қолдайтынын айтып, бұл жайлы құжаттың парламенттен өте алмауына оппозицияның өзін кінәлады.
Арыстан Рысбек