«Дипломмен ауылға» бағдарламасының тізіміне мемлекеттік қызметкерлер де енгізілуі тиіс. Бүгін үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осы мәселені көтерді. Оның айтуынша, қазір ауылдық жерлерде кадр тапшылығы өте қатты сезіліп отыр. Әсіресе, дербес жергілікті бюджет жобасы іске асырылғалы бері. Қазынаға құйылған қаржыны есептеп, тиісті салаларға бағыттау, оның ашықтығын халыққа көрсету және кірісті өсіру жұмыстарымен айналысатын мамандар ауылда жоқтың қасы. Егер мұны ретке келтірмесек мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы тежелетіндігін айтты Руслан Дәленов.
Оңғар АЛПЫСБАЙ