Сириядан оралған баланың әрқайсысына ерекше күтім мен қолдау қажет. Бүгін «Қазақстан – балалардың досы» атты конференцияда осы ой жиі естілді.
«Әр баланың өз құжаты болуы тиіс», - дейді қатысушылар. Қазіргі таңға дейін соғыс ошағынан 407 бала елге оралды. Олардың 33-і - тұл жетім. Осы балаларға құжат жасау, қоғамға бейімдеу сынды қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Еліміздің 14 аймағында бейімдеу орталықтары ашылған.
Ғабит Бөкенбай