2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар ауданы газ игілігін көре бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар ауданы газ игілігін көре бастайды

20.11.2019

Келер жылы Нұр-Сұлтан қаласының бірқатар аудандары газ игілігін көре бастайды. Бүгін Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков айтты. Сұйық отынды тұрғын үйлерге тарату ісін әкімдік көктем шыға қолға алмақ. Қала ішіне газ тарату үшін 9 кешен керек. Қазір алтауының құрылысы басталып кеткен. Алдымен мөлдір отын жылу орталықтары мен Көктал 1 және 2, Агрородок аудандарына келеді. Әкімшілік құбырды әр үйдің іргесіне дейін тартып береді. Ал табылдырықтан ішке енгізу үй иесінің қалтасынан төленбек. Өлшеуіш құралдарында әкімшілік өз есебінен орнатпақ. Естірңізге сала кетейік, қазан айында Қызылорда-Нұр-Сұлтан магистралы елорда іргесіне жеткен болатын.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу