Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтарды Қазмедиа орталығында қабылдады. Сан-саланы қамтыған сауалдарын айта келген тұрғындармен министр емен-жарқын кеңесіп, мәселелеріне құлақ түрді. Дәурен Абаев ұзын саны 13 азаматты қабылдады.
Қарағанды қаласынан келген Меруеш Башайқызы министрге қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын бағдарлама ашу керектігін ұсынды.
Ғабит Бөкенбай