Меморгандар кәсіпкерлерге ақша қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меморгандар кәсіпкерлерге ақша қарыз

22.11.2019

Ақмола облысында мемлекеттік мекемелер кәсіпкерлерге 327 миллион теңге қарыз. Компаниялар мемлекеттік сатып алу арқылы тендер ұтып, келісім бойынша жұмыстарды орындаса да, тиісті ақшасын ала алмай жүр. Бұл мәселе облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінде қаралды.

Мемлекеттік мекемелер қаржының жоқтығын айтып ақталуда. Қарызды жыл соңына дейін жабу туралы шешім қабылданды. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу