«Кітап - ең мықты көпір» жобасы аясында Түркия Қазақстанға 10 мың кітап тарту етті. Ізгі шараға Түркияның мәдениет және туризм министрлігіне қарасты ғылым және әдеби шығармалар авторларының кәсіптік ұйымы мұрындық болған.
Ерекше жоба былтыр басталып, алғашқы 15 мың дана кітап Әзірбайжанға сыйланған екен. Биыл Қазақстан мен Қырғызстанға 10 мыңнан кітап тарту етілуде. Келер жылы акция Өзбекстан мен Балқан елдерінде жалғасады.