Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы 94 өрт болып, 9 адам көз жұмды. Тағы 7 адам иіс тиіп, дәрігер көмегіне жүгінген. «Бұған себеп - тұрғындардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы, жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбауы», - дейді мамандар.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жеке тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздікті сақтауды ескертті. Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арнайы дабыл құралдарын тегін орнатып берді.
Сағындық Сәбитұлы