Бұдан былай Тараздағы мектептердің маңын патрульдік полиция мен мектеп әкімшілігінен құралған топ күндіз-түні күзетеді. Елдің жағасын ұстатқан оқыс оқиғадан кейін жергілікті билік қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Ал арнайы құрылған жұмыс тобы білім ошақтарындағы кемшіліктерді анықтауға кірісті.
Айта кетейік, биыл өңірге 4 мың камера орнату жоспарланған. Оған бюджеттен 54 млн теңге қаражат бөлінген. Осы өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебай баяндайды.