Түркістан облысында ірі жол апаты болып, 15 адам зардап шекті. Оның сегізі өлім аузында жатыр. Оқиға кеше 11:00 шамасында Алматы-Термез автожолының 765 шақырымында болған.
Бір бағытта келе жатқан 2 Nexia автокөлігі, Gentra және Hyundai көліктері бір-бірімен соқтығысқан. Салдарынан Hyundai автокөлігі өртеніп кеткен. Апаттан жарақат алған 15 адам Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілген. Оның 8-і жансақтау бөліміне жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы болған жерде жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Гүлжазира Ғалиқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында жол апатынан 15 адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/119481/)