Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан 2 мыңнан астам отбасы ажырасу туралы шешім қабылдаған. Бұл - тек «Бақытты отбасы» орталығына жүгінгендердің саны. Мамандардың айтуынша, отбасылық ұрысқа көбінесе жаман әдетке әуес болу, материалдық тапшылық, қызғаныш және бір-бірін кемсітушілік себеп болады.
Осы ретте «Бақытты отбасы» орталығы көмек сұрап келген жандарға психологиялық, моральдық, заңдық тұрғыда көмек көрсетеді. Соның нәтижесінде 700-ден астам отбасының шаңырағы шайқалған жоқ. Қазіргі уақытта осындай үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтары Полиция департаменттерімен күш біріктірді. Осылайша олар әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға ниетті. Осы мақсатта елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алды.
Раушан Сайлауқызы