Ресей спортшылары Олимпиадаға қатыспауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей спортшылары Олимпиадаға қатыспауы мүмкін

25.11.2019

Ресейлік спортшылар келесі жылы Токио Олимпиадасына және футболдан Еуропа чемпионатына қатыса алмауы мүмкін. Мұны Ресей антидопинг агенттігі – РУСАДА-ның бас директоры Юрий Ганус ақпарат құралдарына берген сұхбатында мойындады.

 Бұған дейін Дүниежүзілік антидопингтік агенттік, яғни ВАДА Мәскеуді айла-амалға барды деп айыптады. Дәлірек айтсақ, Ресей антидопинг агенттігі жіберген мыңға жуық сынама күмәнді болып шыққан. Болжамдарға қарағанда, РУСАДА желтоқсанның басында антидопингтік кодекске лайықты деген мәртебесінен айырылатын болса, Ресей атлеттері әлемдік ойындарға қатысу құқығын жоғалтуы ғажап емес.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу