Аграрлық-өнеркәсіптік кешендеріне қолайлы бизнес орта қалыптастыру мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қызметтер көрсету мүмкіндігі берілді. Бұл өзгерістер 2019 жылы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасы.
Атап айтқанда, «Астық туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешендері субъектілеріне мынадай қызметтер арқылы қосымша табыс табуға рұқсат етіледі:
- Жеке меншік нысанындағы темір жол жолдарын өзге субъектілерге пайдалануға беру;
- Жарма өнімдерін сату;
- Май тұқымдарын өңдеу және сату;
- Астық қалдықтарын сақтау.
Жаңа заң қабылданғанға дейін астық қабылдау кәсіпорындарына қоймаға жатпайтын қызметтермен айналысуға тыйым салынатын. Енгізілген өзгерістер оларға қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп отыр.