1 қаңтардан бастап бензин бағасы 10 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қаңтардан бастап бензин бағасы 10 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

26.11.2019

Тиісті ақпаратты Үкіметте Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры Азамат Әмрин жария етті. Қазіргі таңда бензин бағасының акцизі – 8 теңге, ал бензинің литрі – 150 теңге болып тұр. Үкімет акциз ставкасын 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге арттырды. Осыдан барып, бензин литрі 10 теңгеге көтерілмек. Ел арасында сұранысқа ие АИ-92-ші бензині 150-теңгеден 160 теңгеге қымбаттамақ. Қазақстанда мұнай өнімдерінің бағасын Үкімет қадағаламайды. Еркін нарықта реттеледі.

Ғабит БӨКЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу