Ресей Олимпиада ойындары мен әлемдік чемпионаттардан төрт жылға аластатылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Олимпиада ойындары мен әлемдік чемпионаттардан төрт жылға аластатылуы мүмкін

26.11.2019

Мұндай нұсқауды Дүниежүзілік анти-допингтік агенттік жариялады. Оның өкілдерінің сөзінше, Мәскеу зертханасында допингтің зерттеу қорытындылары бұрмаланған. 

«Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, агенттіктің отырысы желтоқсанның 9-да өтеді. Сол жиында Ресейді әлемдік ойындардан шеттету туралы шешім қабылдануы мүмкін. Демек, ресейлік спортшылар 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиадаға, 2022 жылы Бейжіңде ашылатын Қысқы ойындарға қатыса алмауы мүмкін. Сонымен қатар, Мәскеу халықаралық чемпионаттар өткізу құқығынан айрылып, Ресей туы негізгі турнирлерде көтерілмеуі керек.

Осыған дейін Ресей анти-допингтік агенттігінің басшысы Юрий Ганус ел спортында болып жатқан оқиғаларды трагедия деп атап, шенеуніктердің әрекетін спортшыларды қорлау деп сипаттаған еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу