Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актрисасы Айша Абдуллина 103 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемиров хабарлады.
Сахна саңлағы Айша Абдуллина 1916 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1935 жылы Қазақ мемлекеттік драма театры жанындағы 2 жылдық студиясын бітірген. Еңбек жолын М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында бастаған. И.Сталиннің қолынан «Еңбек Қызыл Ту» орденін алған.
Қазақ театр өнерінің тарихында Айша Абдуллина тұңғыш рет Дездомана бейнесін сомдады. Кейін Шымкент қаласына қоныс аударып, 65 жыл бойы үзіліссіз Ж.Шанин атындағы академиялық театрында қызмет етті. Орындаушылық диапазоны кең актриса ұлттық драматургия бен әлемдік классиканың жауhарларында бір-біріне ұқсамайтын 100-ден аса саxналық бейнені сомдап, әйелдер бейнесінің толыққанды галлереясын жасады.
Ұзақ жылғы өнер мен мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының мемлекеттік стипендиясына ие болды. «Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын алды. Сондай-ақ «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері.
Актрисамен қоштасу рәсімі 28 қарашада сағат 09:00-де М.Әуезов театрында өтеді.