Министрлік жанынан «Адалдық алаңы» кеңсесі ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министрлік жанынан «Адалдық алаңы» кеңсесі ашылмақ

27.11.2019

Елімізде соңғы 5 жылда парамен ұсталып, істі болғандардың 75 пайызы жалақысы төмен қызметкерлер. Бұл туралы «Адалдық алаңы» кеңсесінің мамандары айтты. Олардың сөзінше, жемқорлыққа басты себеп – басшылардың ашкөздігі мен қатардағы мамандардың мұқтаждығы. Сондықтан жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі оны жоюды министрліктермен бірігіп жүргізе бастады. Осы мақсатта агенттік өкілдері мәдениет және спорт министрлігімен ортақ жарғыға қол қойды. Келісім аясында министрлік жанынан «Адалдық алаңы» кеңсесі ашылмақ. Орталықтың міндеті – министрліктегі гранттар мен тендерлердің әділ бөлінуін бақылау. Министрлікке бағынышты ұйымдардың жұмысын саралап, оларды оңтайландыру. 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу