Ресей Федерациясында жастар туралы заң әзірленбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Федерациясында жастар туралы заң әзірленбек

27.11.2019

Қазақстанның 2019 жылды жастар жылы деп жариялауы, өскелең ұрпақтың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауы ТМД парламентаралық Ассамблеясының жоғары қызығушылығын тудырып отыр. Сондықтан оған мүше елдер біздің еліміздің заңының негізінде жаңа құжат әзірлемек. Қазақстанда «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңға да 5-6 рет өзгерту енгізілген. «Болашақ», «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламары да осы өскелең ұрпақтың әлеуетін арттыру үшін бағытталып отыр. Мүше тоғыз ел өз ұсыныстарын келер жылдың басында заң шығарушы органның қарауына енгізбек. Көктемде біздің ұлттық заңнама негізіндегі құжат тоғыз елде де қабылданады деп жоспарланып отыр.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу