Елордада «Ауыл» партиясының 16-съезі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Ауыл» партиясының 16-съезі өтті

27.11.2019

Қайта құрылған 4 жыл ішінде партия сөзімен ғана емес, ісімен де өзінің саяси әлеуетін танытты. Қоғамға қажетті саяси құрылым екенін дәлелдеді. Қазір ұйымның 17 филиалы, мұнан бөлек 188 қалалық және аудандық партия ұйымдарында 500 бастауыш ұйым бар. Партия жақтастарының қатары күннен күнге артып келеді. Соңғы жылдары партияға 43 мыңнан астам адам мүшелікке өтті. Съезд жұмысы аясында партияның жаңа төрағасы ретінде партия төрағасы Әли Бектаев қайта сайланды. Сонымен бірге, партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу