2017 жылдан бері ел аумағына инвестиция тарту мәселесімен айналысатын «Қазақ-Инвест» Ұлттық компаниясы бүгінде әр аймақтан өкілдерін сайлап, Қазақстанда инвестиция тарту бойынша фронт офистерінің жұмысын қамтамасыз етеді. Осы жобаның нәтижесінде көптеген шетелдік және ел инвесторлары түрлі кеңестерге жүгініп, көмек алып отыр.
Биыл Үкіметтің қаулысымен сыртқы инвестицияларды тарту мәселесі бойынша үш деңгейлі жүйе қалыптасқан. Оның шеңберінде еліміздің сыртқы істер бойынша өкілдері, «Қазақ-Инвест» ұлттық компаниясының қызметкерлері бірігіп, сырттан келген әрі ел ішіндегі инвесторларға түрлі кеңестер беріп, тіпті индустрияға қолайлы орынды да тауып беруге көмектесуде.
2019 жылдың басынан бері Қазақстанға 12,1 миллиард АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылған. Сонымен қатар, ұлттық компанияның мониторинг жүйесінде тағы да 170-ке жуық жоба пысықталуда. Олардың жалпы құны - 46,4 миллиард АҚШ доллар.
Бауыржан Жақсымбет