Садақаны арнайы терминал арқылы төлеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Садақаны арнайы терминал арқылы төлеуге болады

27.11.2019

Еліміздегі мешіттер цифрландыру жүйесінің көшінен қалар емес. Енді садақаны да арнайы терминал арқылы төлеуге болады. Осыған дейін пилоттық жоба саналған бастама енді ресми түрде бекітілді. Бұл туралы бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз хабарлады. Бас мүфтидің айтуынша, еліміз бойынша 58 терминал іске қосылды. Елордаға бөлінген 32 қондырғының үшеуі «Әлжан ана» мешітіне орнатылған.   

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу