Олардың біраз бөлігі сол жақтағы әскери бөлімдердің қажеттілігі үшін қалдырылады.
Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев айтты. Оның сөзінше, төтенше жағдайдың салдарын жою мен басқа да апаттың алдын алуға қатысты кешенді жоспар бар. Қазір соған сай оқ-дәрілердің фрагменттерін жою Арыстан 60 шақырым жердегі «Бастарбек» полигонында жүргізілуде. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты біраз қиындықтар туып жатыр,- дейді ол. Соған қарамастан, әскерилер түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қауіптің алдын алуға тырысуда.
Аманкелді Сейтхан