Елдің әр аймағында қоғамның індетіне айналған жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат штабтары құрылып жатыр.
Бұл туралы Алматыда өткен басқосуда Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың сөзінше, осы бастама халықпен ашық байланыс орнатып, олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ақпарат тарату арқылы адалдықты кеңінен насихаттауға септігін тигізеді.
Нұрхан Нұрланұлы