Орнына көп салалы 3 емхана ашылмақ. Мамандардың сөзінше, бұл медициналық қызмет сапасын көтереді.
Өйткені, тұрғындар бір жерден бірнеше қызметті қатар алады. Оған осыған дейін біріктірілген 2-ші аурухана мен 1-ші перинатальдық орталық дәлел. Екі нысанның қосылуы нәтижесінде қаржы үнемделіп, ол ақша қосымша құрал-жабдықтар алуға жұмсалған. Бастысы ауруханаларды біріктіргенде кадрлық қысқартулар болмайды, жұмыс орындары сақталады. Өйткені, білікті дәрігерлер әлі де жетіспейді,-дейді мамандар.
Аманкелді СЕЙІТХАН