Алматыда ядролық қауіпсіздікті сақтау туралы көрме өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ядролық қауіпсіздікті сақтау туралы көрме өтуде

29.11.2019

Алматыда Семейдегі ядролық сынақ полигонының жабылуына арналған «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыз әлем үшін» атты көрме өтуде. 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында басталған шараға 200-ден астам материал қойылған. Олардың қатарында ядролық сынақтан зардап шеккен жандардың фотосуреттері, атом бомбасын құру туралы құжаттар мен полигонның орналасу картасы да бар. Ядролық қауіпсіздікті сақтаудағы Қазақстанның орасан үлесін көрсететін көрме 20-шы желтоқсанға дейін жалғасады.

Нұрхан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу