Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте Орталық Азия елдерінің көшбасшылары бас қосты. 5 мемлекеттен жиналған делегация өңірлік қарым-қатынастарды дамыту жайын талқылады. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған келелі кездесуге қатысу үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке арнайы барды. Сонымен қатар, жиынға Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері де қатысты. Әсима Нұрбайқызы тарқатады.