Мемлекет басшысы Бішкектегі «Ата бейіт» Мемориалына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Бішкектегі «Ата бейіт» Мемориалына барды

01.12.2019

Президент Қ.Тоқаев: Бішкектегі «Ата бейіт» Мемориалына барып, 1916 жылы қайғылы оқиғалар кезінде қаза болғандарға ескерткішке гүл шоғын қойдым. Қырғыз халқының біртуар перзенті Ш.Айтматовтың рухына тағзым еттім. Елдеріміздің рухани байланыстарын дамытуға зор үлес қосқан көрнекті жазушының Музей-үйінде болдым, деп жазды. Мемлекет басшысы Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапарының аясында қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды. Қазақстан Президенті қаламгердің 22 жыл бойы тұрған үйінде ашылған музейдегі жәдігерлермен танысты.

Жазушының әйелімен және баласымен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Ш.Айтматовпен 1989 жылы Пекинде танысқан сәтін еске алды, деп жазды Ақ Орда сайты.

 ...Oсындағы Шаймeрдeн кeзeкшінің үш аяқты мoтoциклі бар. Өзі дe мінбeйді, өзгeгe дe бeрмeйді – үстінe шыбын қoндырмайды. Ал зәуідe кeрeк бoла қалса, oт алмайды. Өйткeні аккумулятoры oтырып қалған. Адам да сoндай. Ұлы даланың қатыгeздігінe шыдамасаң, әттeгeн-ай, нeгe кeлдім дeсeң бoлды, жүйкeң жүндeй түтіліп, жан дүниeң жүдeп жүрe бeрeді. Бір істің тұтқасында тұрып, тамыр байлап, тәуeкeл дeп тас жұтпасаң – әлгі мoтoцикл дe бір, сeн дe бір: eбeлeктeн дe eлпeк, қаңбақтан қаңғалақ бoласың.

..... Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетті» (1980 ж.) жазу идеясы қазақ топырағында дүниеге келген.

«...Боранды бекет» романының жазылу тарихы, оның сюжетіне түрткі болған жайтты экономика ғылымдарының докторы, академик Бақберген Досманбетов Шыңғыс Айтматов Люксембургте елші қызметін атқарған кезіндегі екі рет болған кездесуіндегі әңгімелері арқылы жақсы жеткізіпті. Жетпісінші жылдары Шыңғыс пойызбен Мәскеу жақтан келе жатқанда, Қазалы стансасынан отырған қырғызға ұқсас қазақ шалдың әңгімесін негізге алып, «Боранды бекет» повесін жазған. Б.Досманбетов «Сүйем сені, Сыр елі» атты өмірбаяндық деректі кітабында Шыңғыс ағаның сөзін былайша баяндайды: «Міне, сол шал Төретамға дейін 1,5 сағат ішінде «Боранды бекет» романының жалпы желісін айтып берді».  

« – Мен түнде ылғи қараймын, ай маған қарайды. Бірақ бір-бірімізді естімейміз… Айда біреу отыр…»

Хабарламаларға жазылу