Қазақстанда құжатқа қосарланған есім жазуға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда құжатқа қосарланған есім жазуға рұқсат берілді

03.12.2019
Қазақстанда құжатқа қосарланған есім жазуға рұқсат берілді

Қазақстанда құжаттарға қосарланған есім жазуға рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина айтып берді. 

«Қосарланған есім беру мәселесі қазақстандықтар арасында түсініспеушілік туғызып отыр. Яғни, бала құжатындағы әкесінің қосарланған есімі бойынша түзету енгізіліп отыр. Бұған дейін әкенің аты тек бірге жазылатын немесе қосарланған есімнің біреуі ғана берілетін. Яғни, әкесінің аты Асан-Әлі болып, дефиспен жазылса, бала құжатында Асанұлы немесе Әлиұлы не болмаса дефиссіз Асанәліұлы болып бірге жазылатын. Заң жобасында бұл мәселе қаралды және дефиспен жазуға рұқсат берілді», - деді Майра Айсина Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, жаңа өзгерістер «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көрсетілген. 


Хабарламаларға жазылу