Талдықорғанда 1 түнде кәріз қақпақтары қолды болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда 1 түнде кәріз қақпақтары қолды болған

03.12.2019

Қазақта «қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген мақал бар. Ал Талдықорғандықтар бұл мақалды басқаша айтып жүр. Ұрыдан ұят кетсе, қалада қақпақ қалмайды. Алматы облысының орталығында су және кәріз жүйелерінде, арықтармен техникалық құдықтарда темір қақпақ ұрлығы өршіп тұр. Бір түнде бір көшенің бойындағы шойын қақпақтарды қолды қылғандар әлі ұсталған жоқ. Шығынға батса да жергілікті билік амалсыз ашық құдықтарды қайта жабады. Ал полиция қылмыскерді іздеуге құлықсыз. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу