Тәуелсіздіктің 28 жылдығы Еуропа төрінде тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 28 жылдығы Еуропа төрінде тойланды

03.12.2019

Еліміздің Бельгиядағы елшілігі ұлттық мерекеге орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Шараға Бельгия үкіметінің мүшелері, Еуропалық Одақ өкілдері, Еуропалық парламент депуттатары мен дипломаттар, осы елде тұратын қандастарымыз қатысты. Мәртебелі меймандар еңсесін тіктеген елдің қуанышына ортақтасып, қазақ еліндегі тың өзгерістерге жоғары баға берді. 

2019 жыл Қазақстан мен Бельгия, Қазақстан мен Еуропалық Одақ қатынасы үшін толағай табысқа толы болды. Бельгия кәсіпкерлері қазақ еліне сапарлап, инвестициялық мүмкіндіктермен танысты. Енді сонда кәсіптерін өрге домалатуға бел буып отыр. Еуропалық Одақпен өзара сауда айналымы биыл 9 ай ішінде 23,8 млрд долларды құрады. Саяси қатынас та қарқынды. Мамырда Еуропалық кеңес төрағасы Қазақстанға ресми сапарлап, Президент Қ. Тоқаевпен ынтымақтың көкжиегін кеңейтуге уағдаласты. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу