Өскеменде студенттерді өндіріске даярлайтын арнайы орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде студенттерді өндіріске даярлайтын арнайы орталық ашылды

03.12.2019

Өскемендегі көп салалы технология колледжі жанынан студенттерді өндіріске даярлайтын арнайы орталық ашылды. Кәсіптік білім беретін оқу орнының шеберханалары заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бұл жобаны жүзеге асыруға аймақтағы ірі тау-кен кәсіпорыны атсалысып, 250 миллион теңге бөлген. Жастар колледж қабырғасында жүріп-ақ заманауи технологияның тілін бастан-аяқ меңгеріп шығады. Бұл жерде студенттер дәнекерлеу жұмыстарын алдымен осы виртуалды аппаратпен жасап жаттығады. Бұл процесс шынайы жұмыс істегенге 90 процент ұқсайды. Ең бастысы, қауіпсіз және экономикалық жағынан өте тиімді. Орталықта сапалы білім алған студенттер көп кешікпей өндірістік тәжірибені кәсіпорындарда өтеді. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқынынан қалмай, білім мен тәжірбиені қатар меңгерген білікті мамандар кейін сол өнеркәсіп орнында жұмыс істей бермек.

Жергілікті билік алдағы уақытта өңірдегі барлық колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуды көздеп отыр.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу