Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының 12 жұмысшысы уланып қалды. Олар кәсіпорын маңындағы өндірістік қалдықтар үйілген аумақта жұмыс істеп жатқан.
Бастары айналып, өздерін нашар сезінген 11 жұмысшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Зауыт өкілдері жұмысшылары уланған аумақтың ауа құрамына зерттеу жүргізген. Алайда өнідірістік қалдық сақталған жерде шекті мөлшерден артық ауытқушылық анықталмаған. Осы келеңсіздіктің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Берік КӨШЕРБАЙ