Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

04.12.2019
Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

5-6 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Сапар барысында Канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. Сапар бағдарламасына Мемлекет басшысының Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, Берлин еуразиялық клубының XXVIII отырысына қатысады. Сондай-ақ, неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.


Хабарламаларға жазылу