Павлодарда кардиоорталыққа қатысты іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда кардиоорталыққа қатысты іс қозғалды

04.12.2019

Павлодардағы аймақаралық кардиоорталық басшылығы үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін мекеме жертөлесінен медициналық құралдар сақталған қойма табылғандығы жөнінде айтқан болатынбыз. Негізінде олар бір рет қолданылған соң дереу жойылуы тиіс. Ал, осы мәселеге қатысты жедел жасақталған комиссия олардың залалсыздандырылып, қайта пайдаланылғанын анықтады. Айта кету керек, Павлодар - жүрек және қан тамырлары ауруы кең таралған аймақтардың бірі. Соңғы уақытта кардиоорталықта науқастарға қызмет көрсету сапасы нашарлап, операция кезінде қайтыс болғандар саны көбейді,-дейді Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу