Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Канцлер Ангела Меркельмен жүргізетін алдағы келіссөздер, екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы жөнінде айтты. Сонымен қатар cұхбат барысында Қазақстанның ішкі саясатына қатысты бірқатар мәселе сөз болды. Президент сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси бағдарының басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Айта кетейік, 5-6 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барады.