2025 жылға дейін Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу жөніндегі Жол картасы әзірленді. Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің кеңейтілген отырыста осы құжат бекіді. Біліктіліктердің салалық негіздемелері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу нәтижелері туралы құзіретті орган басшылары баяндады. Қабылданған ұлттық біліктіліктер негіздемесі 3 мыңға таяу кәсіпті қамтиды. Сарапшылардың пікірінше, бізге қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен еңбек нарығындағы жылдам өзгерістерге сай келетін кәсіптік стандарттар қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17 мамырда өткен жұмыспен қамту және еңбек мәселелері жөніндегі кеңесте кеңінен айтқан еді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ