Ғылыми жинақта оның саяси, ағартушылық, шығармашылық мұрасы жан-жақты екшелген. Биыл тарихи тұлғаның 125 жылдығы республикалық деңгейде, жан-жақта аталып өтті. Ал, Яссауи атындағы қазақ-түрік университетіндегі бұл жиын – соның халықаралық қорытындысы іспетті. Ғылыми конференцияға сұлтанбектанушылардың алдыңғы, орта, кейінгі буыны түгел келген. Оның ішінде өзбек, тәжік ғалымдары да бар. Басқосуға Сұлтанбек Қожановтың туған жиені - Светлана Тыныбекова да қатысты. Мемлекеттің саяси өміріне, шекара мәселесіне, экономикасына, баспасөзіне, білім-ғылымына, әдебиетіне зор үлес қосқан тұлғаның бүгінде барынша дәріптеліп жатқаны заңды,- дейді жиналғандар. Бүгінде елімізде 23 көше, 7 мектеп, 1 елді мекен, 1 мәдениет үйі Сұлтанбек Қожановтың атымен аталады.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ