«Жұмыспен қамту» бағдарламасы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жұмыссыз жүрген талай азаматтың өз бетінше кәсіп етуіне мүмкіндік берді. Биылдың өзінде 5 900 азамат жұмыссыздық қамытынан құтылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өздеріне тұрақты жұмыс тапты. Оның ішінде 360 адам қысқа мерзімді оқу курстарынан өтіп, 11 түрлі мамандықты игеріп шыққан. Оның ішінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі және пробация есебінде тұратын азаматтар да бар.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ