Алматыда «Туған жер» республикалық патриоттық байқауы аяқталды.
Шараға 6 бағыт бойынша елдің әр аймағынан 14 пен 29 жас аралығындағы 1000-ға тарта қатысушы өтініш білдірген. Сонымен бірге, тек үздік мақала номинациясына 300-ден астам шығарма келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен солардың арасынан 18-і іріктеліп, жеңімпаз атанды. «Осындай игі жоба арқылы балалардың ой қабілеті шыңдалып, дамиды», дейді ұйымдастырушылар.
Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ