Дәрігерлер 6,5 сағат жүрегі тоқтап қалған әйелді тірілтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер 6,5 сағат жүрегі тоқтап қалған әйелді тірілтті

06.12.2019
Дәрігерлер 6,5 сағат жүрегі тоқтап қалған әйелді тірілтті

Испаниялық дәрігерлер 6,5 сағат жүрегі тоқтап қалған 34 жастағы британдықты құтқарып қалды.

Жергілікті ақпарат құралдарының сөзінше, Барселонадағы Vall d'Hebron клиникасында оқиға 3 қарашада болған. Бірақ дәрігерлер оқиғаның мән-жайымен енді ғана бөлісті. 

Британдық жұп тауда серуендеп жүрген. Күйеуінің айтуынша, британдық азаматшаның тыныс алуы қиындап, жүрегі тоқтап қалған.

Науқас дереу клиникаға жеткізілген. Клиниканың жансақтау бөлімінде экстракорпоралды мембрананы оттектендіру (ECMO) көмегімен науқастың жүрек соғысын қалпына келтірген. 

Клиника қызметкері Эдуард Аргудо науқастың жансақтау бөліміне түсуіне миға оттегі жетпей қалуы себеп болғанын айтты.

Испанияда мұндай жағдай алғаш рет орын алған. 

ria.ru







Хабарламаларға жазылу