Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Имамдар аймақтық форумына дін мамандары, қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен студенттер қатысты. Жиналғандар қоғамдағы рухани құндылықтардың мән-маңызын айтты. Сонымен қатар, олар елдің амандығы, жердің тыныштығы, бірлік пен бейбітшілік - елдің басты құндылығы екендігін жеткізді. Себебі, Пайғамбарымыз осы игіліктерге үндеген. Сондықтан, «Бұл тұғырнама тек имамдар арасында емес, мешіттер, оқу орындары, бала-бақшалар, мемлекеттік ұйымдар мен өзге де мекемелерде насихатталуы тиіс», - дейді ғалымдар.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ