Алматыда Қазақстандағы күрдтердің мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған «Бір ел – бір тағдыр» атты фестиваль өтті.
Оған Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысып, күрд ұлтының тарихы, өмір салты мен еліміздің дамуына қосқан үлестері туралы ой бөлісті. Іс-шарада кітаптар мен ұлттық қолданбалы өнердің көрмесі өтті. Айта кетейік, қазір елімізде 70 мыңнан астам күрд этносының өкілі тұрады.
Руслан ҚОСАНОВ