Гонконгта шерушілер сот ғимараттарына от қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгта шерушілер сот ғимараттарына от қойды

09.12.2019

Гонконгте демократияны талап еткен шерулердің басталғанына бүгін тура 6 ай болды. Жергілікті тұрғындардың ойынша, осы жарты жылда көтерілістер биліктің жақтастарын да, демонстранттарды да шектен шығуға мәжбүрлеп барады.

Гонконгта 7 жарым миллиондай адам тұрады. Соның 800 мыңдайы өткен тәулікте де бейбіт шеруге шықты. Полицияның айтуынша, манифестанттар соттың бірнеше ғимаратына өрт қойып, отты шөлмектер лақтырып, мемлекеттік мекемелердің қабырғасын шимайлап кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Гонконгта қылмысты деп танылған адамдарды Қытайға экстрадициялауға қарсы акциялар маусымның 9-да басталды. Қазір тұрғындар биліктен өздерінің демократиялық құқықтарын кеңейтуді және дөрекілік көрсеткен полицейлерді жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу