ВИЧ дертіне шалдыққан балаларды психологиялық қолдаудың оқу модулі ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ВИЧ дертіне шалдыққан балаларды психологиялық қолдаудың оқу модулі ұсынылды

09.12.2019

ВИЧ дертін жұқтырған және созылмалы ауруларға шалдыққан балалардың денсаулығын ғана бақылау жеткіліксіз. Олардың жанына үңіліп, психологиялық тұрғыда көмек көрсетілуі тиіс. Бірақ елімізде ондай мамандар тапшы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында ЮНИСЕФ қорының қолдауымен психо-әлеуметтік демеудің жаңа 10 стандарты бекітілді. Бұл стандарт батыстық тәжірибе жүзінде пісіп-жетілгенімен жергілікті жердің менталитетіне сіңісті етіп өзгертілген. Сонымен, республикада СПИД-пен ауыратын 531 бала тіркелген. Сондай-ақ гепатит, туберкулез, диабет сияқты созылмалы аурулармен ауыратын науқастар бар. Жаңа модульге сәйкес психологиялық әңгіме жүргізетін мамандар кез-келген жерден табылуы керек.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу