«Норманд төрттігі» елдерінің лидерлері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Норманд төрттігі» елдерінің лидерлері кездесті

10.12.2019
«Норманд төрттігі» елдерінің лидерлері кездесті

Парижде Донбасстағы жағдайды реттеуге байланысты «Норманд төрттігі» елдері басшыларының кездесуі өтті. Ресей, Украина, Франция президенттері мен Германия канцлерінің келіссөздері 5,5 сағатқа созылды. Оның 1,5 сағаты Зеленский мен Путиннің екіжақты кездесуіне жұмсалған.

Саммит қорытындысында 4 ел лидері 3 тармақтан тұратын мәлімдеме қабылдады: «Қақтығыс аймағындағы жағдайды тұрақтандыру шараларын іске асыру», «Минск келісіміндегі саяси ұстанымдарды жүзеге асыру» және «Жалғастыру».

Украина президенті Владимир Зеленский Киев Париждегі келісімді орындауға дайын екенін жеткізді. Ал Владимир Путин «норманд» саммитіндегі келіссөздердің пайдалы болғанын айтты. Сондай-ақ ол бұл мәселеде тараптардың тікелей диелог орнатуы маңызды екеніне тоқталды. Ресми Мәскеудің Донбастағы шиеленісті реттеу үшін аянбайтынын жеткізді.

Дереккөз жәнен сурет: ria.ru

Хабарламаларға жазылу