Алматыда білім саласына елеулі үлес қосқан ұлағатты ұстаз Шәрбану Әнәпияқызының туғанына 100 жыл толуына орай тағылымды кеш өтті. Шараға тұлғаның әріптестері мен замандастары, шәкірттері және ардагер ұстаздар қатысты. Шәрбану Әнәпияқызы - Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған. Кеш соңында оқушылар жыр арнап, жиналғандар ұстаз туралы естеліктер айтты.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ