Татарстан Қазасқтанмен арадағы байланысты арттыруға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстан Қазасқтанмен арадағы байланысты арттыруға мүдделі

10.12.2019

Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда айнылымын 1 миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр. Былтыр бұл меже 700 миллион доллар шамасында болды. Қазақстан Парламенті Сенатының делегациясымен кездескен татар басшысы Руслан Минниханов Қазақ елімен арадағы байланысты одан әрі арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Соңғы айларда өзара сауда-саттық көлемі төмендеп кеткен. Сондықтан бірлескен кәсіпорындардың санын арттыру өте маңызды. Әсіресе, машина жасау, мұнай, химия саласында бірлескен жобалар жүзеге аспақ. Сонымен қатар екі ел студенттерінің білім алуы бойынша арнайы бағдарламалар әзірленбек. Қазір мыңнан астам қазақстандық Татарстанда оқып жатыр.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу