Елдегі сүт сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қиынға соғып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі сүт сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қиынға соғып отыр

10.12.2019

Сүт қауіпсіздігіне қойылатын Кедендік Одақтың техникалық талаптарын еліміз осымен үшінші рет кейінге қалдыруға мүдделі. Ал сүт одағының мүшелері 2020 жылдан бастап ережеге сәйкес жұмыс істеулері шарт еді. Бұған дайындық болмай шықты. Себебі елдегі сүт шикізатының 70 пайыздан астамы алыс аумақтардан жиналады. Сүттің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қиынға соғып отырғандығын одақтың атқарушы директоры айтады. Яғни сүт өндіру тізбегі әлі де жүйеленбеген. Оны бірізділікке түсіру үшін ұзақ уақыт қажет екенін Хорватия тәжірибесіне сүйеніп білген. Бұл мемлекеттің сүт өндірісі Еуропалық Одақ талаптарына сай болуы үшін 16 жылы кеткен. Енді біздің құзырлы органдар кедендік одақтың техникалық реттеуін 2025 жылға дейін қалдыруды сұрамақ. Алайда шикізаттың сапасына қатысты бақылау жүргізіле беретіні жеткізілді.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу